«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітаптарды таныстыру рәсімінде Мемлекет басшысы ұсынылған кітаптар қазақ тіліне тұпнұсқадан аударылғанын айтты.
«Бұл іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңіне бастайды. «Жаңа оқулықтар-эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Бұл оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видиотекасы сияқты үш форматта қолжетімді болмақ. Кітапты латын қарпінде басып, шығарылғаннан кейін оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алатын болады»-деді Елбасы.
Президенттің айтуынша, бүгінгі алғашқы зияткерлік транш АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы ең үздік елдер ғылымдарының еңбектерін қамтиды. Бұл кітаптармен танысуға мүмкіндік алған жастарымыз көп емес. Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылуда. Өскелең ұрпақтың оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқаны абзал. Тәуелсіздік жылдары Қазақ елі қалыптасқан ғылыми-кадрлық әлеуетіміздің зор екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар болары ақиқат. Сондықтан әлемнің үздік 100 оқулығын Ұлы дала елінің тілінде сөйлету әрине, құптарлық дүние. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалғалы отырғаны да қуантады. Бірер жылдан соң ауқымды жоба өз жемісін бере бастайтынына сеніміміз мол. Әлемдегі ең үздік аударылған 100 оқулықпен жастарды оқытатын күн де алыс емес екені анық.
М.Есенғалиев, ардагер-ұстаз,
Ы.Алтынсарин медалінің иегері.