«Карлсон» қонаққа келді

Ел ертеңі саналы ұрпақ деп білетін халқымыз баланың бақытты балалық шағына көп көңіл бөлген.

«Берсең, балаға бер» демекші, баланың нәзік жүрегіне аз да болса қуаныш сыйлау арқылы төбеміз көкке жетері сөзсіз.

Жуырда облыстық Атырау көмекші мектеп-интернатында балаларға арналған қайырымдылық шарасы өткізілді. Ауданда игілікті іс-шараларды өткізуге ұйытқы болып жүрген «Ақжол» Махамбет мүгедектер қоғамының» ұйымдастырған кезекті шарасына аудан әкімінің орынбасары Мардан Жұмахметұлы мен мектеп-интернат директоры Гүлнар Қалешқызы қатысып, балаларға ізгі тілектерін, ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

Балақайлар «Алақай Атырау» театры әртістерінің әзірлеген «Карлсон мен балақай» тақырыбындағы ертегісін тамашалады. Бұдан әрі мың бұралған бишілер би билесе, әсем әуезді әншілер әннен шашу шашып, жас көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Б.САПАРОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз