«Күншуақтағы» шуақты күндер

Ақтоғай орта мектебі жанынан ашылған «Күншуақ» салалық лагерінің «орыс тілі » тобына 7сыныптың 15 оқушысы қатысты.

Ашылу салтанатына қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, оқушылар орыс тілі сабағынан дәріс алып, түрлі ойындар ойнады. «Қозғалыс ойындары» тақырыбында эстафета ұйымдастырылып, жылдамдықты, шапшаңдықты қажет ететін ойындар ойнап, мәре-сәре болды.

a

a

«Жергілікті жердің табиғаты» тақырыбында Жайық өзені жағасына топсеруенге шықты. Жануарлар мен өсімдіктер, жағалаудағы топырақ жамылғысы, бұталар мен шөптекті өсімдіктермен танысты. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластамау, қорғау туралы өз ойларын ортаға салды.

a

a

Сарайшық мұражайына саяхат жасап, залдар бойынша әртүрлі экспозициялармен қызықты, танымдық экскурсия өткізді. Оларға ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі түсіндірілді. Балалар жетекшілерімен бірге ауылдағы балабақша, мәдениет үйіне барып, олардың жұмыстарымен танысты.

a

a

Барлық шараға қатысқан оқушылар түгелдей «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Г.Сүндетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз