«Айгөлек» жазғы демалыс лагерінде II кезең бойынша 41 бала демалды.
Лагерь демалушыларын қабылдап, топқа бөліп, лагерь ережелерімен таныстырылды. «Айгөлек» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Жоспар бойынша әртүрлі шаралар, психолог мамандар демалушыларға кіріс сауалнамасын өткізіп, әртүрлі тренингтер ұйымдастырды. Дене тәрбиесі мұғалімдері таңертеңгілік жаттығу жасатып, «Қозғалыс ойындар» эстафеталық жарыс өткізді. Сайысқа балалар қызығушылықпен қатысты. Сонымен қатар «Көңілді старт» ойыны ойналып, музыканттар өнерлі балаларды анықтады.
Тәрбиешілер «Түрлі – түсті бантик» бантиктер күнін ұйымдастырып, қыздар арасында байқау өтіп, қыздар жан-жақтылығымен көрінді. "Халық әндері" атты байқауда әр топ халық әндер айтумен жарысып, өз өнерлерімен көзге түсті. Психолог тренинг өткізсе, медбике Б.Асылбекова «Ас – адамның арқауы» әңгімесін тынығушыларға арнады.
Тәрбиешілер «Салауатты өмір салтын дәріптейік!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, өрт қауіпсіздік ережесімен таныстырды. Балалардың терезенің көзінен құлап кету, қабаған иттерден сақтану жайын сөз етті. Қазақ мултьфилімдерін тамашалап, музыкант Д.Делешова мен М.Жаленова көңілді би кешін ұйымдастырды. Сонымен қатар «Туған жерім, тал бесігім» атты шығармашылық жұмыста эссе жазып, ән, сурет салу, көркем сөздер айтып, жеңімпаздар айқындалды.
Музыка мамандары «Әндетейік бәрімізде» жаңа әндер үйретіп, оны бірге шырқады. Спорттық волейбол, футбол ойындары да өз деңгейінде өтті. Мейірбике Б.Асылбекова «Тазалық –денсаулық кепілін» сөз етсе, өткен «Қыз сыны» байқауында қыздар бақ сынап, белсенді қатысқандар дипломмен марапатталды. Сондай-ақ «Ән- көңілдің ажары» тәрбие шарасы да мазмұндылығымен есте қалды.
А.Сабыр, лагерь меңгерушісі