ҰБТ қорытындысы белгілі болды

Махамбет ауданы бойынша 204 түлек ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсыруға өтініш білдірген еді.

Оның төртеуі бұдан бұрынғы тестілеу қорытындысымен өздері қалаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдеріне оқу мүмкіндігіне ие болғандықтан өз еріктерімен қорытынды тестілеуге қатысудан бас тартқан. Яғни, жоғары балл жинап, грант ұтып алуға талаптанбаған.

Үстіміздегі жылғы 20 маусымда аудан орталығындағы Е.Ағелеуов орта мектебінде өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына аудан бойынша он бес мектептен 200 талапкер қатысып, бақ сынады.

Тестілеу қорытындысы бойынша ауданның орташа балы-61 пайыз. Ең жоғары балл жинаған Қосарал орта мектебінің көрсеткіші-75 пайыз. Тестілеу қорытындысына күмән келтіріп, аппеляциялық комиссияға өтініш түсіргендер болған жоқ.

Н.Тельман

Сурет:Дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521