Атырау көмекші мектеп-интернатында тәрбиешілер Қ.Тайшұнақова мен А.Сарсенғалиева «Ойналық та, ойлайық!» тақырыбында дидактикалық ойын сабағын өткізді.
Ойын түстерді ажырату, алақан, аяқ қимылдарын қайталауды, достықты көздеді. Сонымен қатар достық ойынынан, желкенді қайықпен санды ретімен ажыратудан тұрды.
Жалпы дидактикалық ойындар - балалардың білімін кеңейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы, мақсатты педагогикалық тәсілге жатады. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы.
Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймайды.
Сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.
А.Сарсенғалиева, тәрбиеші