Гимназия үздіктерін марапаттады

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен біріге отырып, «Ақылды ата-ана, шебер мұғалім, тәрбиелі орта: табысты бала» атауымен жыл үздіктерін марапаттау кешін ұйымдастырды.

-Биылғы оқу жылы толағай табыстар мен зор жетістіктерге толы болды. Мұның барлығы да «ұстаз-оқушы-ата-ана» үштігінің мықты болуының арқасында,- деп аталмыш білім ордасының директоры Талшын Ғабитқызы айтып өткендей, шараның мақсаты – үздіктерді марапаттау ғана емес, осы үштік одақтың беріктігін одан әрі нығайту.

Аудандағы алдыңғы қатарлы білім беру ұйымдарының бірі болғандықтан мектеп-гимназияның оқушылары түрлі олимпиадалар мен сайыстарда, спорттық шаралар мен қоғамдық жұмыстарда да өте белсенділік танытып, көзге түсіп жүреді. Ал, шәкірт тәрбиелеуде аса бір ұқыптылықпен қарайтын ұстаздар қауымы да өз кезегінде тәжірибелі маман екендерін түрлі сайыстардың қорытындысымен дәлелдеп келеді. Жеті бөлімнен құралған кеш барысында өнерлі оқушы мен ата-ананы да көрдік, ән де айтылды, би биленіп, күй де тартылды және көптеген марапаттар табысталды.

gimnazia1202203

Солардың ішінде үздіктердің үздігі деп танылған «Жылдың ең үздік жетістігі» номинациясы бойынша: Ж.Қалиасқарова,«Жылдың ең үздік ғалымы» А.Бағытжан, «Жылдың ең үздік таланты» «Аққу» би тобы,«Жылдың ең үздік қолөнер шебері» Н.Наурызов, «Жылдың ең үздік спортшысы» А.Мағзомов, «Жылдың ең үздік белсендісі» Н.Наурызова, «Жыл оқушысы»: Г.Табылды, «Жыл мұғалімі» А.Сәлімжанқызы деп танылып, арнайы статуэткалар табыс етілді.

g

gimnazia1202207

gimnazia1202206

Марапттар саны мұнымен де шектелмей, барлық үздік, белсенді оқушылар, ата-аналарға арнайы алғыс хаттар берілді. Жалпы өте жоғарғы деңгейде өткен осындай қорытынды кештер жиі ұйымдастырылса, ең алдымен баланың білімге,сахнаға, жеңіске деген құштарлығы оянып, ата-ана да өзіне мотивация алар еді.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT