Жаңартылған білім- өмір талабы

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Атырау қаласында Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен жаңартылған бағдарлама бойынша педагогика біліктілігін арттыру курсы өтті.

Оқу барысында жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік.

z

Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған 4К моделін, бала бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыру сынды әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне ықпал ететіні сөзсіз.

Курстан алған білімімнің негізінде «Жаңартылған білім мазмұны жағдайына мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиемен оқыту әдісі» тақырыбында өткізген семинарда жаңа бағдарлама бойынша меңгерген әдіс-тәсілдерді әріптестеріммен бөлісіп, олардан алғыс алдым.

Ізденімпаз мұғалім әр сабақты түрлендіріп өткізе отырып, өмір бойы оқып, жемісін көре білуімен ерекшеленеді. Болашақта курс барысында барлық үйренгендерімді үнемі жетілдіріп, әрбір сабақтарымда қолданатын боламын.

Зергүл Арыстанғалиева,

«Алтын-Ай» бөбекжай-балабақшасының

тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521