Енді мектептерде «өзін-өзі тану» міндетті пән ретінде оқытылмайды

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде “өзін-өзі тану” таңдау пәні ретінде оқытылмақ.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, ведомствоға пәнді мектеп бағдарламасынан шығару туралы ұсыныстар келіп түсіп жатқан көрінеді.

“Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді. Яғни қыркүйектен бастап "өзін-өзі тану" пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып жатыр”, – делінген хабарламада.

Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT