Атырау облысында 2025 жылға дейін 48 мектеп салынады

4 жыл ішінде өңірде 48 мектепті пайдалануға беру жоспарланған,- деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, қазіргі уақытта  облыс аумағында 10 мектептің құрылысы жүргізілуде.

- Алдағы негізгі міндет – мектептерде үш ауысымды оқыту мәселесін жою. Қазір өңірде 200 мемлекеттік мектеп жұмыс істеуде. Онда 138 мың оқушы бар. Өткен жылдың соңында Атырау қаласынданы Береке шағын ауданында  сыйымдылығы 1200 орындық жаңа мектеп салынды.

Осылайша, шағын аудандарда тұратын оқушылар өз үйлерінің маңында білім алуға мүмкіндік алуда, - деді Айнагүл Дүйсекенова.

Сонымен қатар, облыста 9 мектепке дейінгі мекеменің құрылысы жүруде.

Бұл нысандар облыстағы балабақшалардағы орын жетіспеушілігі мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

2

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика