Тәуелсіздік мерекесіне орай Балбөбек бөбекжай бақшасы ересек «Гүлдер тобында» «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!» атты ертеңгілігін өткізді.
Мақсаты - өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу.
Бүлдіршіндер Отанына деген сүйіспеншілігін өлең жолдарымен шалықтаған ән-би арқылы жеткізе білді. Бүгін, міне,Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз.Егеменді еліміздің көк байрағы мәңгі қалықтап, тұғыры биік болсын!
Н.ЖАЛМҰХАНОВА,
тәрбиеші