Ең бірінші әлеуметтік орта – отбасы

Адам өмірінің мәнін түсініп, өмір жолын дұрыс табуы үшін рухани бай, адамгершілігі мол, жүрегі мейірімділік пен қайырымдылыққа толы болуы үшін ең алдымен өзін-өзі тануы, өзін-өзі түсіне білуге тиіс деп ойлаймын.

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізі» тақырыбында мұғалімдерге арналған семинар өтті. Семинардың бірінші бөлімінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудегі психологиялық-педагогикалық негіздері туралы батыс психологиясындағы үш бағыт, мұғалімнің үш стилі, сананы тазарту, ізгілендірудің жаңа тәсілдері туралы теориялық түсінік берілсе,екінші бөлімінде өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау,оның жолдары туралы ақпарат бере отырып,мысалдар келтірілді. Мұғалімдер топтық жұмыс барысында интеграцияға мысалдар құрып,оны әр топ өздері қорғап шықты.Одан кейін топпен өлең айтылды.Семинар соңында мұғалімдер өздерінің семинардан алған әсерлерін ортаға салды.

Жалпы адамзаттық құндылықты іске асыруда бала тәрбиесі кезеңіне аса назар аударған абзал. Отбасы – адамның жақсылық жасауға үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы.

Осыған орай, өзім жетекшілік ететін 3 қазақ «Б» сыныбында «Жалпы адамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс «Нұрға бөлену» атты тыныштық сәтінен басталды. Ол ата-аналарға жақсы әсер етті. Жиналыстың қорытынды сәтінде ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты өз ойларын ортаға салып, жиналыстың өз дәрежесінде өтуіне ықпал етті.

Аудандық және мектеп кітапханашысы мен оқушылардың қатысуымен «Бір кітап-бір сынып» тақырыбында ашық есік акциясы өткізілді. Оқушылар жас ерекшеліктерінің кішкентайлығына қарамастан қолдарынан келгенін аянып қалмады.Бұл шарада оқушылармен әртүрлі кітаптар оқып,оқыған шығармалары бойынша жақсы, жаман қасиеттер, құндылықтар түр- лерін ажыратып, талдау жасады.Одан кейін оқушылар балалар кітапханасының келесі залына өтіп, үш топқа бөлінді. Бірінші топ кітаптардың шаңын сүртіп,олардың альфавит ретімен жинақталуына мән беріп реттесе,екінші, үшінші топ жыртылған кітапты желімдеді.

«Менің сүйікті кітабым» бөлімінде оқушылар үйлерінен алып келген кітаптарын кітапханаға тарту етті.Шара соңында оқушылар өздерінің алған әсерлерін қуана жеткізді.

Н.ӨТЕБАЛИЕВА,

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі "Өзін-өзі тану" пәнінің мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT