Адам болам десеңіз...

О.Шонаев атындағы орта мектебінде Қарлығаш Мұратқызының ұйымдастыруымен 8 «б» сынып оқушылары үшін «Өзіңді тануым – өмірді тануың» атты тәрбие шарасы өтті.

Шараның мақсаты – оқушыларды өзін-өзі бағалауға, іштей бақылауға, өз ойын еркін жеткізуге, бір-біріне сын көзбен қарауға, жетістіктерін,кемшіліктерін тани білуге үйрету болды.

Бұл шарада оқушылармен топтық,жұптық және жеке жұмыстар жүргізілді. «Өзім туралы » сұрақ – жауап кезеңінде оқушылар өздерінің бойындағы мақсат, орта, жетістік, сенім қасиеттерін, өз ойларымен жеткізе білді. Жұптық жұмыс кезінде қағазға бір - бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазды. Барлығы жазып болғаннан кейін қағаздарын ауыстырып оқыды. Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп қол соғып, қошемет көрсетті.

Шараның соңы ең бастысы, өзіңе деген махаббатты менмендікпен шатастырып алуға болмайды. Барлық іс-әрекет тіршілікпен негізделсе, демек адам өзін адам ретінде сезіну үшін де өзіне деген сый құрметі мен махаббаты болуы керек деген оймен тұжырымдалды.

Сонымен қатар 1ә сыныбында «Өзіңді тану-өмірді тану» атты танымдық сынып сағатын сынып жетекші Ардақ Хафизова өткізді. Оқушыға жақсы мен жаманды айыра білуге жол сілтеу мақсатында өткізілген шарада «Мен қандай оқушымын?» ойыны ойналды. Ойын кезінде Аңсар-алғыр, Әмина-әдепті,Іңкәр-ізетті болса, Ильяс – инабатты оқушы екенін айтты. Өмір –мәңгі күрес, тартыс, құбылыс.Сондықтан олар күлетінін, ойнайтынын, білім алатынын, жақсыдан үлгі алатынын, жаман нәрселерден аулақ жүретінін суреттер салу арқылы дәлелдеп, айта білді. Мұхит Інжу «Мен әдепті баламын» әнін айтса,Іңкәр, Аңсар Қайырболаттар Абайдың «Адам болам десеңіз», «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерін жатқа айтты.Сынып сағатын оқушылар психологиялық сәтпен яғни өздерінің көңіл-күйлерінің, сынып сағатының қалай өткендігін смайликтермен бағалап өтті. Сынып сағатын мектебіміздің ғылыми оқу ісінің меңгерушісі Толқын Ибрашева қорытындылады.

А.СҮЛЕЙМЕНОВА,

тәлімгер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT