«Алтын балық» бөбекжайының «Ересек» тобының бүлдіршіндері де Ақмарал және Жанна апайларымен бірге жаңа жылдық шырша мерекесін өткізіп, доңыз жылын көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Ақ қырауға оранып келген аяз ата мен ақшақар балалардың өнерін тамашалап, бірге ән салып, би биледі. Кішкентай «Буратинолар» мен «аққалалар», «ақшақарлар» әдемі билерімен тәнті қылды. Балалардың барлығы да аяз атаға арнап, өздері жаттап келген өлеңдерін айтып, сыйлыққа ие болды. Барлығы ит жылын шығарып салып, доңыз жылын қошеметпен қарсы алды.
Өз тілшіміз.