Әскери оқу орнында оқып жүр қазақ баласы

О.Шонаев мектебінде оқыған 9 сынып түлектері Д.Маратов пен Т.Табылдиев ҚР ҚМ екі мәрте Кеңес Одағы Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас Ұлан» мектебінде оқиды.

Түлектер қысқы демалыста ауылға келіп, мектепке бас сұғып, оқушылармен кездесіп, сұхбаттасты. Олар өздері оқып жатқан әскери оқу орнын таныстырып, біраз мағлұмат берді. Басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Оқу орнына шақыру, әскери дайындық, ант қабылдау бейнежазбаларын көрсетті. Өз алғырлығының, өжеттігінің арқасында кіші сержант шеніне жетіпті. Осындай дәрежеге жеткен түлектермен мұғалімдер де мақтанады. Әскери формаларымен бізбен бірге суретке түсті. Біз де түлектеріміз үшін қуаныштымыз.

З.СӘЛІМГЕРЕЙ,

О.Шонаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT