«Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»

Бала – басты байлығымыз, ал ең бастысы оның тәрбиесі. Баланың алғашқы ұстазы-ата-ана.

Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше назар аударған. Әрбір ата-ана баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасуының негізі-мектепке дейінгі яғни балабақшадан бастау алады. Балабақшаның басты бағыты «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» демекші, заман талабына сай өз ұлтын сүйетін, өзіне-өзі сенімді еңбекқор, білімді азаматтарды тәрбиелеу. Осыған орай бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балабақша өмірімен таныстыру. Ата-ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету мақсатында «Нұршуақ» бөбекжайында «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы» атты ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды.

«Балабақша-бақыт баспалдағы» атты 1 кезеңде ересек «Ягодка» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен дайындаған «Жеті лақ» ертегісін тамашалап, «Гүлдер» тобының кішкентай бишілерінің мың бұрала билеген әсем биін, балалардың «На праздике» әнін тыңдады. Психолог Айдана Қуатқызының жүргізген тренингінен кейін, балабақша өмірімен, күн тәртібімен таныстыру мақсатында жасалған бейнероликті тамашалап, «Отбасы» туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан өлең-жырларын тыңдады.

«Ата-ана-бала тәрбиесінің айнасы» атты екінші кезеңде ата-аналарға таратылған сауалнамалар толтырылып, қазіргі бала тәрбиесінде кездесетін түрлі жағдаяттар мен сұрақтарға белсене жауап беріп, пікір алмасты. Ұялы байланыс мәселесі ерекше алаңдатарлық жағдай екендігі ойландырып, ұялы байланысқа мөлшерден көп үңілу баланың денсаулығына, психикасына, физиологиясына тигізетін кері әсері туралы айтылды. Бала тәрбиесінде байланысты басшылыққа алатын қағидалар мен салт-дәстүрді насихаттауға кеңес берілді.

Бөбекжай меңгерушісі Сапенова Нұрбану Болатқызы балабақша мен ата-аналар арасында бірлесе атқарылған іс шараларға тоқталып, ата-ананың балабақша алдындағы, сондай-ақ тәрбиешінің міндеттерін нақтылап айтып өтті. Сонымен қатар «Нұршуақ» бөбекжайының 2018-2019 оқу жылында ата-аналармен бірлесе атқарылатын жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Көпшіліктің және өзі-өзі ұсыну әдістерімен ата-аналар комитетінің төрағасы А.Купбаев, мүшелері А.Әбенова, Г.Нурсейтова, С.Мақиева болып сайланды. Ата-аналар ұсыныстарымен шешімдер қабылданды. Шынайы ризашылықтары мен жүрекжарды лебіздерін білдірген ата-аналармен бірге «Өнерлінің өрісі кең» атты қолөнер көрмесі тамашаланды.

Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Бала тәрбиесі сияқты қиын істе бірлесе отырып, тәрбиеші, педагогтар және отбасы ажырамас біртұтас болғанда ғана біздің болашағымыз балалар үмітімізді ақтарына сенімдіміз. Бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Болашағымыз бен келешегіміздің қожасы балаларымыздың білімді, мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

Гүлназ МАСАЛОВА,

«Нұршуақ» бөбекжайының әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT