"Жауқазын» бөбекжайының «Ботақан» тобында тәрбиеші Қайрекешова Айнұр мен Орынбасарова Күнсұлу апайлардың ұйымдастыруымен «Күн» тақырыбында қорытынды ашық сабағы өтті.
Бұл оқу қызметінің басты мақсаты – балалар үлкендердің нұсқауларын орындап, шағын тақпақтар оқу арқылы жалғауы бар сөйлемдерді түсіну, іс-әрекетті білдіретін сөздерді түсінуін бекіту, біртекті заттарды ортақ белгілері бойынша топтастыру, қағаз бетіне бейнелерді дұрыс орналастыра білу, би қимылдарымен әуенге сай қозғала білуін дамыту болатын.
Оқу қызметі шаттық шеңберінен басталып, балалардың бір-біріне тамаша көңіл-күй сыйлауымен жалғасты. Одан соң қазір жылдың қай мезгілі екенін біліп, олардың ерекшеліктерін атап, сұрақтар қойылып және де күн тіршілік көзі екенін балаларға түсіндірумен оқу қызметін жалғастырып алып кетті. Кейін балаларға Күн келді, ол өзімен бірге балаларға тапсырмалар ала келді. Күннің тапсырмаларын орындаумен қатар мнемокесте арқылы өлең оқылды. Балалар суретке қызыға қарап, тәрбиешіні тыңдап, өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасады.
Өз кезегінде Айнұр апай әмбебап тақтадан тақырыпқа байланысты суреттер көрсетіп, сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметі жалғастырылды. Және де сергіту ретінде ойындар ойнатылды, Күннің тапсырмаларын орындады.
Балалар тәрбиешінің көмегімен саусақтарын бояуға малып, күннің шуағының суретін салды. Оқу қызметі аяқталуға жақындағанда бүгінгі сабақтан не үйренгендерін, кім келгенін сұрақ-жауап арқылы тағы бір қайталап алды. Соңында тәрбиеші балаларды мадақтап, оқу қызметіне жақсы қатысқандарын айтып, балаларға мадақтау ретінде тәттілер табыстады. Осындай оқу қызметтері әрі қарай жалғасын таба берсін дегіміз келеді.
А.АХМЕТОВА, ата-ана