49 түлек қанат қақты

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінен биыл 49 түлек қанат қақты. Оның ішінде екеуі "Алтын белгі" үміткерлері.

Олар Дана Қарашолақова мен Айым Қабдолғазиз. Соңғы қоңырау салтанатына арналған шарада сөз алған мектеп директоры Г.Неталиева мектептің бәсекеге қабілетті оқушы қалыптастыру бағытында 9 ай ішінде атқарған жұмысы туралы қысқаша айтып өтті.

-Биыл мектебімізді 991 оқушы, бұған қоса мектеп алды даярлық топтарындағы 130 тәрбиеленуші аяқтап отыр. Білім көрсеткіші 60,1 пайызды құрап, 137 оқушы оқу үздігі, 458 оқушы оқу екпіндісі болды. Бітіргелі отырған 49 түлектің 47-сі ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді ,– деген Г.Қорғанбайқызы одан әрі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардан жүлделі орын алған оқушылар мен ұстаздар арасында өткізілген байқаулардан алдыңғы қатардан көрінген мұғалімдерді атап өтіп, оқу үздіктері мен үздік ұстаздарға мақтау грамотосы мен алғыс хаттар табыс етті.

Аудан әкімінің орынбасары Мардан Сейтқалиев те ұстаздар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

Осы мектепті 50 және 20 жыл бұрын бітірген түлектер атынан сөз алған Нәсіп Жаңабаева мен Алмат Тлепов, мектеп бітіруші түлектер тарапанынан «Алтын белгіге» үміткер Айым Қабдолғазиз де ақжарма тілектерін арнады.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT