50 жылдық кездесу

Алға ауылындағы Алға орта мектебін (сол уақытта №11 орта мектебі) 1968-1969 оқу жылында тәмамдаған түлектердің 50 жылдан соңғы кездесуі болды.

Үлкен мереке иелерін мектеп басшысы Жұмағалиева Нұргүл Смағұлқызы бастаған басшылық құрметпен қарсы алды. Кездесуде 50 жылдық түлектер қос қабатты мектептің ауласына, 17 сыныптастарының атынан 17 түп ағаш көшетін биылғы мектеп бітіргелі отырған оқушылармен бірге отырғызды.

Түлектердің әрқайсысы әртүрлі мамандықты игеріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген еңбек ардагерлері. Соның ішінде осы түлектердің басын қосуға, 50 жылдық кездесулердің өтуіне бірден-бір себепші болып жүрген, ұйымдастырушы, сыныптың ең белсендісі,театр тарланы атанған актер, көркемсөз шебері, «Тегін білген тектілік» атты шежіре кітабының авторы, ақын, жазушы Әуелбаев Сатқали бастап сөз алды. Ол сөзінде мектеп басшылығына ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздық еңбектеріне береке тілеп, биылғы мектеп бітіргелі отырған түлектерге сәт сапар, ақ жол тіледі.Одан соң 50 жылдық түлектерді оқытқан ұстаздарының есімдерін атап, естеліктерімен бөлісті.

Кездесу кешін тамашалап отырған жас буын елу жыл бұрынғы түлектерге қарап, үлкен өнеге алды. Бұл кездесу жас ұрпаққа ой салар тағылымды кеш болды. Кездесудің жалғасы мектебіміздегі «Жас қырандар» тобының мерекелік ән-шашуын тамашалаумен жалғасын тапты.Кездесу соңын мектеп басшысы Н.Смағұлқызы қорытындылап, аға буын өкілдеріне ризашылығын білдіреді.

Сагидолла Гульдана, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Алға орта мектебі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521