Биыл 229 атыраулық түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша,бүгін облысымыздағы білім беру ұйымдарының түлектері үшін «Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» тақырыбында аттестат тапсыру рәсімі басталды.

Атырау облысының биылғы «Соңғы қоңырау» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған алгоритмді, санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаумен өтуде.

Айта кетейік, биыл облыста барлығы 5286 оқушы мектеп бітірген. Оның ішінде 229 түлек «Алтын белгі» атанса, 183 бітіруші үздік аттестат алады.

Сонымен қатар, іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Әнұранының авторы Ж.Нәжімеденовтің 85 жылдығына орай ақын жырларын оқу эстафетасы жалғасын тапты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT