«ҰБТ өткізу барысында ең басты міндет - балалардың қауіпсіздігі»

Ұлттық бірыңғай тест өткізу барысында балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе өте маңызды. 20 маусымнан бастап түлектер ҰБТ тапсыра бастайды. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық түлек қатысады. Қалыптасып отырған жағдайды ескерсек, ҰБТ дәстүрлі режимде, бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Сондықтан ең басты міндет балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып саналады. Бүгінгі күнге тестілеуге дайындық пен оны өткізу бойынша міндеттер нақты айқындалған. ҰБТ өткізілетін 161 пункт, 1 200-ден астам аудитория дайындалды», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Осы орайда Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігіне Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерімен және өңірліктердің әкімдіктерімен бірлесіп, тестілеу өткізудің қауіпсіздігін, түлектерді тасымалдау нормаларын сақтай отырып, жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

«ҰБТ өткізілетін пункттердің алдына адамдардың көп жиналуына жол берілмесін. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қазіргі жағайда ҰБТ өткізу жөніндегі кең ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Ералы Лұқпанұлы, мәселені бақылауда ұстаңыз», - деді Асқар Мамин орынбасары Ералы Тоғжановқа қарата.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз