Ауыл мұғалімдерінің жалақы алу жүйесі өзгертіледі

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайту мәселесі үнемі назарда. PISA рейтингі арқылы тек ауыл мен қала емес, өңір мен өңір арасындағы үлкен алшақтықты көріп отырмыз. Бұл, әрине, кешенді шара қабылдауды қажет етеді. Ауыл мен қаланың қашықтығын айтқанда, ең алдымен мұғалім тапшылығы мәселесі көрінеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы тиісті тапсырма беріп, ауылда істейтін мұғалімдердің жалақы алу жүйесін өзгертуді ұсынды. Бұл неге маңызды? Өйткені, білім саласында бір ставка – 18 сағат. Ал шағын жинақталған мектептерде 18 сағат болмайды, бір сынып екінші сыныппен қосылып оқиды немесе бала саны аз. Сондықтан да, 4-6 сағат үшін мұғалім ауылға бармайды. Мұғалім болмағасын, білім сапасы да болмайды», – деп түсіндірді министр Фейсбук желісінде халық алдында есеп беру барысында.

Министрдің айтуынша, ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жою үшін басқа шаралар қолданылады. Соның ішінде бірнеше жақын пәннің мұғалімдерін даярлау, еңбекақы жүйесін өзгерту, оқу-материалдық базаны нығайту, сапалы интернетпен қамтамасыз ету шаралары қолға алынып жатыр.

Дереккөз:aikyn.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521