«Бала – біздің болашағымыз» десек, сол болашақ ұрпағымыздың білімді, өнерлі, саналы болып өсуінің барлық ата-ана аңсап, армандайды.
Осындай білімді балаларды тәрбиелеудегі білім бастау балабақшадан екені бәрімізге мәлім. Балаларды мектепке даярлау, қол моторикасын дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру, ой- өрісін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған ересек «Сәйгүлік» топ балалары жеті бөлімнен тұратын сайысқа түсті. Екі топқа бөлінген балалар «Тапқырлар» тобы мен «Білімділер» тобы болып бөлінді. Сайыс қызықты әрі тартымды өтті. «Ойлан, тап..» бөлімінде геометрикалық пішіндерді түсіне қарай, пішініне қарай ажыратты. «Ойна да ойлан» бөлімінде қыстырғыш арқылы бірдей суретті тауып қыстыруда балалар ептілігін көрсетті. Балалар ұжымдық танытып, көшбасшы болуға талпынғандары балалардың үйренгендерін көрсетіп, жеңіске жету мақсаты екенін түсіндірді.
Сайыс өз мәресіне жетіп, әділқазылар сөз алды. Әр бөлімге тоқталып, пікір айтылып, балалардың жетістіктері нақтыланды. Сайыс жеңімпаздары болып білім саласында жұлдызы жанған «Білімділер» тобы анықталды. Балаларға медальдар тағылып, тілек білдірілді.
Б.БЕГІМБАЕВА,
«Балдырған» бөбекжай тәрбиешісі