Аянат - республикалық байқаудан жүлделі орынға ие болды

Аянат - республикалық «Зерде» байқауынан жүлделі орын алды

ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің заманы.

Өңірдің өрелі өрендері көптеген ғылыми жобаларға, байқауларға қатысып, топ жарып жүр. Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 4 орыс сынып оқушысы Аянат Сағын да білімді де дарынды оқушылардың қатарында. Ол өткен жылдың қазан айында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» байқауына қатысып, облыстық кезеңде І орынды жеңіп алған болатын.

dip140421

2021 жылдың 26-28 қаңтарында өткен XVI республикалық байқауға жолдама алып, тікелей эфир арқылы бақ сынаған жерлесіміз ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

dip140421-1

Байқаудың негізгі мақсаты – жас дарындарды анықтау. Оқушылардың еңбектері мазмұны мен мағынасына қарай бағаланды. Аянат валеология пәнінен «Құмырсқаның пайдасы мен зияны» туралы ғылыми жобасын зерттеген. Ол бұл жобамен 2 жылға жуық айналысты. Шәкіртімнің республикалық кезеңнен жүлделі орын алғанына қуаныштымын, -дейді сынып жетекшісі Жанар Жолдасқызы.

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT