Ақырын жүріп, анық басқан...

Ұстаз – адам жанын терең түсініп,жақсы білетін,қадірлі де, қастерлі, қасиетті амандықтың иесі.

Қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер де, бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алғандар. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше айтуға болады. Ал бірнеше жыл ұстаздық еңбек еткен Ұлмекен Абуованың өнегелі жолы келер ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Ұлмекен Қапизқызы 1944 жылы 10 қыркүйекте Новобогат ауданының Қамысқала ауылында дүние есігін ашқан. Кішкентайынан зерек боп өскен Ұлмекен апамыз 1953 жылы Есбол ауданының Зеленый орта мектебіне тарыдай болып кіріп, 1964 жылы осы ауданның Өрлік селосындағы Өрлік орта мектебінен 10 сыныпты бітіріп шыққан. Өз мектебінің мақтанышы,сыныптастарының арасында талантты әрі беделді болып, озат оқушылардың бірі болды. Ұстаздарының сүйікті шәкірті ұстаздық жолды таңдап, 1964-1969 жылдар аралығында Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының химия-биология факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1969 жылы өз ыстық ұясы Өрлік орта мектебінде химия-биология пәнінің мұғалімі болып бастаған.

u

1970 жылы Зеленый селосындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектепке химия-биология пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп, 8-10 сыныптарға химия, биология пәндерінен сабақ берген және 1970-82 жылдар аралығында осы мектептің жанындағы мектеп-интернатта меңгеруші болып қызмет атқарады. Осы мектеп-интернатта қызмет атқарған жылдарында интернат оқушыларының білімі мен тәрбиелерін жақсы жолға қойып, жоғары жетістіктерге жеткізгені үшін 1974,1975,1976 жылдары үш жыл қатарынан республика бойынша 1-ші орынды жеңіп алып отырған. «Ұстаздан шәкірт озар деген» осы болса керек. Осы еңбегін бағалаған ҚазКСР-нің Білім беру басқармасы Ұлмекен Қапизқызын «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен марапаттаған. Бұл – күні-түні төгілген маңдай тер мен еңбегінің жемісінің ақталғаны.

Ұлмекен апа 1982-84 жылдар аралығында Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының мектептен тыс тәрбие жұмысының әдіскері болып қызмет атқарады. Жолдасының жұмыс бабымен 1986 жылы ҚазКСР-нің 60 жылдығы атындағы жем-шөп сов хозына көшіп келіп, осы совхоздағы Ақтоғай ауылының орта мектебіне мұғалім болып орналасып, химия-биология пәндерінен сабақ береді. 1991 жылы осы мектепте білім жетістігін көрсетіп, оқушыларды түрлі ғылыми жұмыстарға бағыттап, білім бергені үшін ҚазКСР-нің Білім беру басқармасы «ҚазКСР-нің Халыққа білім беру ісінің үздігі» атағымен марапаттаған.

2002 жылға дейін осы мектепте мұғалім бола жүріп, ауылдық Кеңестің депутаты болып, ауыл ішіндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Жолдасы Болат Ермековпен жанұяда 6 бала тәрбиелеген, барлығы да жоғары оқу орнын бітіріп, әр салада қызмет жасайды. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған анамыз 1994 жылы көп балалы ана ретінде зейнеткерлікке шықты.

Ұстаздықтың қиын да қызықты жолынан өтіп,шәкірттердің мерейі мен қошеметіне бөленіп отырған ізгі жандардың бірі де бірегейіне айналды. Жақсылықтың алдыңнан шам боп түсетіні де осы шығар. Талай шәкіртті өмір жолына тәрбиелеп, алғыстан алқа тағып,ауылымыздың мақтан етіп, жастарға айта отырар насихаттың үлгісі іспетті.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT