Бас санитардың оқушыларды дәстүрлі форматта оқыту туралы қаулысы шықты

ҚР Бас санитар дәрігердің міндетін атқарушының «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулысы шықты.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі: 1) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін», - деп жазылған қаулы мәтінінде. Дегенмен, оқтыудың форматы өзгергенімен, білім ұйымдарының өзінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталу керектігі ескертілген.

«Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.

«Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысының 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп саналсын», - деп жазылған құжатта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз