Махамбет ауданының оқушылары «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңін табысты аяқтады

Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен 2002 жылғы 27 қаңтар күні 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен ІV республикалық «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың облыстық кезеңіне қала, аудан, облыстық мектептерден бірінші кезең жеңімпаздары қатынасып, Абай шығармашылығы бойынша берілген тапсырмаларды орындау мен эссе жазуда сайысқа түсті.

Сайыс нәтижесінде Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Абдолла Мөлдір (жетекшісі Нұфтоллина Гүлден) және Жалғансай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Киікбаева Құндыз (жетекшісі Кушенбаева Динара) «Алғыс хат» иеленсе, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Төлеген Ақбота (жетекшісі Жумаханова Жанаргул) жүлделі ІІ орын иеленді. Жүлдегерлерге арнайы дипломмен бірге «Абайдың қара сөздері» кітабы сыйға тартылды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз