Балдәуренде «Көңілді старт»

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде үшінші топ демалушылары арасында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен балалар мен жасөспірімдер арасында «Көңілді старт» тақырыбындағы эстафеталық жарыс болып өтті.

Жарыстың мақсаты - балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану, спорттың бұқаралығын, дене тәрбиесі мен спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мен денсаулығын нығайтуға үлес қосу, спортқа деген ынтасын, қызығышылығын арттыру.

t

t

Ең алдымен жарыс қатысушылары көңілді флешмоб билеп, бойларын қыздырып алды. Алты кезеңнен тұратын сайыста «Толағай», «Тұлпар», «Жайдарман», «Жалын» топтары өзара бақ сынасты. Жарысқа аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Даулетов Ибатулла Құрметұлы, аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Саменова Назым Нәсіпқалиқызы, аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің маманы Мұратбекова Лаура Мұратбекқызы төрелік етіп, өз бағаларын берді. Эстафеталық таяқшамен, қаппен, арқан тартыс, секіртпемен, жүрелей отырып жүгіру, асық ату сияқты кезеңдер бойынша әр топ өздерінің мықты дайындықтары мен шапшаңдықтарын танытты. Сайысты жүргізу реті дене шынықтыру пәні мұғалімі, лагерьдің сауықтыру-спорт жетекшісі Қаутов Асхат Шегебайұлына ұсынылды.

Жарыс қорытындысымен І орынды «Тұлпар», ІІ орынды «Жалын», ІІІ орынды «Толағай» командалары жеңіп алды. Жеңімпаздар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бағалы сыйлықтарымен марапаттталды. Бұл эстафеталық жарыс осыған дейін Есбол орта мектебі жанындағы «Балауса» сауықтыру, Қ.Қалыбеков орта мектебінің жанындағы «Арай» демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған болатын.

Қ.Меңдіғалиева, Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің

журналистика мамандығының 3 курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521