Болашақтағы қызықты күндер

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебіндегі «Болашақ» бейіндік лагері жұмысын 649 оқушымен бастады.

Лагерьде 38 топ және 3 еңбек жасағы жұмыс жасады. Алдымен «Қош келдің, балақай!» атты жиын өтсе, рәміздер күнінде «Рәміздер – мақтанышым» атты топтық шаралар ұйымдастырылды. «Болашақ» бейіндік лагерінің ашылу салтанатын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Қабдрахманова ашып, тынығушыларға каникул күндерін қызықты, көңілді өткізулеріне сәттілік тіледі.

a

a

a

a

a

a

Жиын одан әрі сазды бағдарламаларға ұласты. «Кішкентай ханзада мен ханшайым» сайысы үш кезеңде ұйымдастырылса, келесі күні «Денсаулығым – байлығым» атты топтар арасында спорттық сайыс өткенін айта кеткен жөн. «Әнші балапан » байқауында балалар өз өнерлерін ортаға салды. «Бақытты балалық шақ» сурет байқауында суретшілер балалық шағы туралы суреттер салды. «Екі жұлдыз» байқауына тынығушы мен тәрбиеші қатысты. «Табиғат аясында» саяхат жасап, бір жасап қалды. «Өмір қауіпсіздігі» атты жиында балаларға жаз айында абай болуға, соның ішінде Жайық өзеніне, бассейінге барғандағы қауіпсіздік шараларын сақтау керектігі түсіндірілді. Әрі «Өмір, қымбатсың маған!» тақырыбында эссе жазды.

Аудандық өлкетану мұражайына саяхат жасап, ондағы құнды жәдігерлер мен туған өлкеміздің тарихымен танысты. «Спорт – денсаулық кепілі» атты эстафеталық ойын өтіп, оған әр топтан 8 оқушыдан қатысып, олар кедергілерден өту, арқан тарту, секірмекпен секіру т.б кезеңдерден тұрған сайыста «Жас Ұлан» тобы жеңіске жетті. Тынығушылар аудандық балалар кітапханасына барып, ертегі қарап, қызықты кітаптарды оқыды. «Пародия күнінде» балалар әр өнер адамдарына пародия жасап, сайысқа 13 команда қатысты. «Табиғатпен бірге» табиғат аясына саяхат жасап, ән салып, ойындар ойнады. «Менің айналамдағы әлем» атты асфальтта сурет салу байқауы да қызықты өтті. «Рахмет, Болашақ!» атты лагерьдің 3-ші кезеңінің жабылу салтанаты өтіп, белсене қатысқан тынығушылар марапатталып, ән айтып, би биледі.

М.Саламат, мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521