Жол ережесін үйретті

«Жауқазын» бөбекжайындағы ІІ «Балапан» кішкентайлар тобында «Бағдаршам-біздің досымыз» шарасы өтті.

Оны тәрбиеші Ғалия Оңайқызы ұйымдастырған болатын. Шараға Махамбет аудандық Жергілікті полиция қызметі ЮПТ-ның КТІЖ инспекторы, полиция лейтенанты А.Сапарғалиева, полиция аға лейтенанты Қ.Қарағойшиев қатысты.

Тәрбиеші Ғ.Бубетаева бүлдіршіндерге бірнеше сұрақ қойып, жұмбақтар жасырды. Кенет шыға келген Дымбілмес допты жолға қарай теуіп жібергені. Нұрислам көлікпен, Жасмин мотоциклмен келе жатып, бұрыштан шыға келген Дымбілместі қағып кетті. Жүргізуші оның кім екенін, жолды неге кесіп өткенін сұрады. Ол жай доппен ойнап, өтіп бара жатқанын айтып, бой берер емес. Жолда ойнауға болмайтынын ескерткен соң Дымбілмес өзіне жол ережесін үйретуді өтінеді. Балалар оған бағдаршам туралы өлеңдерін оқыды. Одан әрі «Бағдаршам», «Тасымалдау көлігі» ойындарын ойнап, 5 бала жол қозғалысы туралы өлеңнен шашу шашты. Полиция қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, олар балалардың сауалдарына жауап берді. Жолда жүру ережелерін түсіндіруге тырысты. Балдырғандар «Бағдаршам» әнін шырқап, көпті тәнті етті. Дымбілмес рөлін тәрбиеші С.Сүлейменова шебер сомдады. Шара соңында Дымбілмес өнер көрсеткен бүлдіршіндерге өз сыйлығын үлестірді.

Д.Қанатқызы, тәрбиеші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT