«Жауқазын» бөбекжайының «Таңшолпан» тобында «Тәуелсіз елім – Қазақстан!» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Ертеңгілікті балдырғандар Әнұранды шырқаумен ашып, Қазақстан Республикасының рәміздері, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызды, Желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайтты. Ертеңгілік мәнін ашқан балғын қыздардың «Қазақ» биі көрермендерге жақсы әсер қалдырды.Бүлдіршіндер «Елтаңбасы елімнің», «Тәуелсіздік - ел ұраны» әнін қосыла шырқап, ұл балалар «Қара жорға» биін биледі. Балдырғандар қолдарына жалау ұстап, «Жаса, Қазақстан!» биімен ертеңгілікті аяқтады. Бұған қоса жаңа жыл қарсаңында «Сәйгүлік» I кішкентай тобында жаңа жылдық шырша мерекесі болып өтті. Бөбектеріміз: «Санта Клаус» киімдерін киіп, «Шырша» киімдерімен ортаға шақырылып, залды одан әрі көріктендіре түсті. Әсем ән шырқап, көңілді би билеп, неше түрлі ойындар ойналып, ата-аналарды қуанышқа бөледі.
Әркез осындай керемет шаралардың өткізілуі, балаларымыздың жан-жақты дамуына үлкен үлестерін қосып жүрген тәрбиешілердің, басқа да апайларының еңбегі деп білеміз.
З.ТАЖБЕНТАЕВА, М.ТӨЛЕШОВА,
ата - аналар.