Адам өз өмірінің суретшісі

Нағыз ұстаз болу - бақыт әрі абырой.

Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі - О. Шонаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аманғалиева Бейбітші Халыққызы. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Бейбітші Халыққызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады.

Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буынды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Өз ісіне берілген шәкіртінің жанына нұр құя білген Бейбітшідей ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге. Соның бірі мектебімізде өткен «Өзіңді өзің танысаң –істің басы » тақырыбында ата-ана, мектеп психологы, оқушылар мен бірлесе өткізген тәрбиелік шарада өзін-өзі тануына, өз қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі рухани жетілдіруге, өмір сүруге құлшынысын арттыру, құндылықтарын бала бойына сіңіру, адам – өз өмірінің суретшісі екенін, ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.

Бейбітші Халыққызының арманы – қанат қағып ұядан ұшқан шәкірттерінің өмірде қателеспей, сүйікті маман иесі атанып, еліне, ата – анасына адал қызмет етер саналы азамат болатындай, өнегелі тәрбиемен өскендігін танытса дейді.

Д.ҚАМИЕВА,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT