Осындай тақырыппен "Алтын-Ай" бөбекжайының ерте жас "Балдаурен" және І кіші "Сәйгүлік" топтарында мерекелік шара өтті.
Оны бөбекжай меңгерушісі Лариса Қорғанбайқызы құттықтау тілегімен ашты. Кішкентай туған күн иелерін құттықтауға сайқымазақ,буратино кейіпкерлері келіп,бөбектермен қызықты ойындар ойнап, мерекелік шараның көркін одан әрі қыздыра түсті. "Балбөбек"тобының тәрбиеленушісі Тынышқали Шұғыла бөбектерге "Ертегілер елінде" әнін шашу етсе,"Қыран" тобының биші қыздары мың бұралып би билеп, көрермендердің көзайымы болды. Шара соңында ата-аналар атынан сөз алған А. Саржанова бүлдіршіндерді туған күндерімен құттықтап,бақытты балалық шақ тіледі.
Э.ҚАНАТБАЕВА,
"Алтын-Ай"бөбекжайының тәрбиешісі.