Ауданның өнерлі жастарынан құралған «Жайық жастары» тобы Атырау облыстық көмекші мектеп-интернатына ат басын тіреп, аз қамтылған, жетім, ата-ана құқығынан айырылған, жартылай жетім тәрбиеленуші балаларға естен кетпес жаңа жылдық тамаша көңіл-күй сыйлады.
«Жайық жастары»ұжымы осыдан екі жыл бұрын құрылған. Олар өз қаражаттарына мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдарынан келгенінше демеушілік танытып жүреді. Бұл жолы да мектеп-интернаттың балғындарын қуантпақ мақсатпен өздері аяз ата мен ақшақар ұйымдастырып, балаларға жаңа жылдық тәттілері мен сыйлықтарын әзірлеген. «Берсең, балаға бер» дегендей, балалардың қуанғанына не жетсін! Біз де өз кезегімізде келген қонақтарға балалар атынан алғысымызды айтып, осындай қайырымдылық істер жалғасын таба берсін деген ниетпен ризашылығымызды жеткіздік.
Ү.ҚАБАЗОВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.