Азаматтық қорғау саласының маманы болғыңыз келсе

Келешекте мемлекет пен жекеленген азаматтардың мүлкі мен меншігін тосыннан келетін тілсіз жаудан қорғайтын өрт қауіпсіздігі инженері болуды қалаған жастарды төмендегі жайлардан хабардар еткім келеді.

Осы салада еліміздегі бірден бір мамандандырылған жоғары оқу орны – бұл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі,Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты, Көкшетау техникалық институты. Аталмыш институттың күндізгі оқу факультетіне жасы 16-тан 25 жасқа дейінгі ер азаматтар қабылданады.Оқу мерзімі – 4 жыл.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 60-тан жоғары балл алған талапкер институтқа қабылдануға құқылы.Алдын ала ҰБТ-ға қатыспаған талапкерлердің осында келіп тест түрінде емтихан тапсыруларына болады. Негізі таңдау пәні физика және дене тәрбиесі пәні бойынша емтихан қабылданады – турник тартылу , 100 метрге және 3 шақырымға жүгіру.

Оқуға қабылданғандар институтта оқыған кезде казарма жағдайына көшіріліп, толық мемлекет қамқорлығына алынады. Яғни, киім-кешек,тамақ,жататын орын тегін болып саналады.Сонымен қатар, тиісті деңгейде шәкіртақысы төленеді.

Институтты бітіргеннен кейін тыңдаушылар жоғары білім мен өрт қауіпсіздігі инженері мамандығын және өртке қарсы қызмет лейтенанты арнаулы атағын алып шығады, жұмыспен толық қамтылады.

Жоғары білім бағдарламасы бойынша күндізгі оқу курсын толық 4 жыл оқып бітірген жеке тұлғалар үшін оқу мерзімі жедел әскери қызметтен өту мерзімімен теңеледі.

Күндізгі оқу факультеті тыңдаушыларына қыста 14 тәулік, жазда 30 тәулік демалыс беріледі.

Оқуға ниет білдіргендердің алдымен, Махамбет селосы, З.Наурызова көшесі №12 үй мекен-жайында орналасқан Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 2-12-01 телефонына хабарласып, толық мағлұмат алуына болатындығын қаперлейміз.

Б.АБДУЛЛИН,

Махамбет ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз