Білім беру сапасын арттыру- қашанда ұстаз үшін, шәкірт үшін маңызды міндеттердің бірі.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындаумен әр мұғалім осы талаптарға сай болуы тиіс. Ендеше, әр шәкіртін өз баласындай қабылдап, білім мен тәрбиені қатар алу керек екенін Елбасымыз өзінің жолдауында қадап айтқаны белгілі. Осы бағытта Жалғансай орта мектебінде де қомақты жұмыстар атқарылуда. Мектепте оқу мен материалдық базаның жақсартылуы шәкірттің білімге деген құштарлығын арттырғандай. Оқытудың жаңартылған мазмұнының мектепте енгізілуі өзінің оң жемісін беруде. Оның айқын дәлелі жуырда ғана Атырау қаласында өткен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпияданың 3 кезеңінде» қазақ сыныбындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі 1 орын алған, 11 сынып оқушысы Дүсіпқызы Арайлым Республикалық олимпиядаға жолдама алып келген еді. Осындай нәтижеге қол жеткізуге мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуандықов Табылды Халидоллаұлының еңбегін айрықша айтар едім. Аудан бойынша 35 оқушы қатынасқан.
Табылды Халидоллаұлы іздемпаз, жаңашылдықты жаны сүйетін ұстаз деп шәкірттерімен ұжымдастардың әркез құрметіне бөленуде. Өткен жылы өзі дәріс берген екі оқушысы Садықова Бақытгүл Кенжебайқызы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне және Қалымова Мерует Даулетқызы Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қазақ сыныптарындағы орыс тілі пәні бойынша жоғарғы оқу орнының студенттері атануы, білім берген ұстаздың жемісі.
Марапат алған Арайлым Дүсіпқызы мен ұстазы Табылды Хамидоллаұлын мектеп директоры Ж.И. Есенғалиев пен мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасары З. Бектемировалар құттықтап, ұстаздар мен оқушыларға алда талай жетістіктерге жетулеріне және Арайлымға Республикалық олимпиададан жеңіспен оралуына өз тілектерін білдірді.
Биғали Өмірәлиев,
Жалғансай орта мектебі.