Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз.
Ертегінің қай түрін алып қарасақ та ол баланың ой-қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын қалыптастырады. Ертегілер құрамы жағынан әр алуан, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілері болып бөлінеді.Ертегі түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып балаға жеткізе білу керек. Жануарлар туралы ертегілерді балаларға үйрету мақсатында жақында Ортақшыл ауылының "Балақай" бөбекжайының "Арай" ортаңғы тобында "Ертегілер елінде" "Төлдер айтысы"тақырыбында шара өтті. Оны тәрбиеші Гүлнар Губайдуллина ұйымдастырды.
Балаларды ертегіні сахналау арқылы білімдерін нығайту, кейіпкерлердің дауыс ырғағын келтіре отырып, ертегіні өз бетінше айтуға, тілін дамыту, танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру мақсатын көздеді. Бұған балалар белсенді қатысып, ертегіге деген қызығушылықтарын танытты.
Қорытындысында ертегіге жақсы қатысқан балалар мадақталды.
Айгерім КҰЛМАҒАМБЕТОВА,
бөбекжайы психологі