Елордада өткен мұғалімдердің республикалық съезінде атыраулық мұғалім Гүлмайра Ибрагимова ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Гүлмайра Ибрагимова – Атырау облыстық ұлттық гимназияның физика пәнінің мұғалімі. Аталған білім ордасында жиырма төрт жылдан бері қызмет етіп келеді. Ұстаздан білім алған шәкірттердің көпшілігі қазір түрлі мұнай компанияларда, енді бірі дәрігер болып жүр. Оның айтуынша, өткен жылы бір шәкірті республикалық ғылыми жұмыстан жүлделі бірінші орын алған.
«Биылғы мақсатым – физика пәнінің олимпиадасына қатысу, жоғары нәтиже көрсету. Сондай-ақ, қазір үш оқушымен физика бағыты бойынша бұрын зерттелмеген ғылыми жұмысқа дайындық үстіндеміз», – дейді Г.Ибрагимова.
Нұргүл Насыр
https://atr.kz/bilim/atyraulyq-ustaz-respublikalyq-s%D1%8Aezde-tosbelgimen-marapattaldy/