Атыраулық болашақ инженерлер «Шолу дөңгелегі» жобасын жасап шығарды

JAS SPACE кеңістігіндегі STEAM курстарының ІІІ легі қорытындыланған салтанатты рәсімде «Инженерияға кіріспе» курсының оқушылары «Шолу дөңгелегі» жобасын жасап шығарды.

- «Шолу дөңгелегін» біз ағаш таяқшалар көмегімен жасап шығардық. Ағаш ​ таяқшаларды терможелім көмегімен желімдедік. Және мотор арқылы, «Шолу дөңгелегінің» жұмыс процесін іске қостық. Бұл жобада біз «Шолу дөңгелегінің» жұмыс процесі кезінде тепе-теңдікті сақтауын, қауіпсіз режимде жұмыс істеу сынды техникалық мәселелерін қадағаладық. Жобамыздың негізін пенопласт арқылы бекітіп шықтық. Азаматтық инженерия мен механикалық инженерияның интеграциясы арқылы жасалған жобамызды жасау процесі өте қызықты болды. Болашақта инженер болғым келеді» дейді «Инженерияға кіріспе» курсының оқушысы НұрАмина Амантай.

Жас инженерлердің екінші бір тобы «Ашылмалы көпір» жобасын жасады. Ағаш таяқшалары, жарық диодтары және көпірге ашылып-жабылуға мүмкіндік беретін ардуино қолданылған модель бірнеше ғылым саласының ​ интеграциясы арқылы жасалған.

Еске сала кетелік, Атырауда Абай орталығы жанындағы JAS SPACE кеңістігінің ІІІ легін 271 оқушы сәтті аяқтап шықты. 7-11 сынып оқушыларына арналған тегін STEAM курстары Атырау қаласы жастарын дамыту бастамасы аясында Шеврон компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қоры жүзеге асыруда.

Баян Жанұзақова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз