Атырауда қазақ тілі мен әдебиетінен өткен халықаралық олимпиада жүлдегерлері марапатталды

Атырауда қазақ тілі мен әдебиетінен өткен халықаралық олимпиадаға алты мемлекеттен 62 оқушы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 шілдеде Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде қазақ тілі мен әдебиетінен халықаралық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты болды. Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Иран, Өзбекстан мемлекеттерінен келген 62 оқушы ана тілдерінен білімдерін сынға салды. Жүлдегерлерге облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов марапаттарын тапсырды.

1

"Қазақ диаспорасы өкілдерінің басқа елдерде тұрса да, ана тілдерін жетік меңгергендері, өз тілдерінде сөйлеп, білімдерін жетілдіретіндері қуантады. Халық даналығында айтылғандай, өз тілін ұмытқан ұлт тамырын жоғалтады. Басқа елдерде тұрса да, қазақ тілін меңгеріп, отбасыларында осы тілде сөйлесетін осындай балалардың арқасында ана тіліміздің болашағы баянды боларына сенемін",-деді олимпиада қатысушыларына Серік Шапкенов.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша 5 қатысушы алтын медаль, 8 қатысушы күміс, 15 қатысушы қола медаль иеленді. "Балалар түрлі аталымдар бойынша да марапатталды. Үздік көрсеткіш көрсеткендерге Қазақстандағы ЖОО-да тегін оқуға сертификаттар, ректор гранттары берілді",-дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова. Олимпиада қорытындысы бойынша барлық балалар ана тіліне деген құрметтері үшін түрлі сыйлықтарға ие болды. Айта кету керек, марапаттардың көпшілігін Өзбекстан Республикасынан келген этникалық қазақтар жеңіп алды.

Материал ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521