Жалғансай орта мектебі жанынан ашылған «Арай» жазғы демалыс лагеріне биыл үшінші жыл 4 кезең бойынша өз жұмысын жасады.
Оған 180 оқушы қатынасып, демалыстарын көңілді өткізді. Демалушыларымыз жоспар бойынша ұйымдастарылған түрлі тәрбиелік және спорттық шараларға белсене қатынасып, мұражайларға, түрлі ойын-сауық орталықтарына барып, жазғы демалыстарын қызықты да көңілді етіп өткізе білді.
Атырау қаласына балаларды май қызметкерлері көліктерімен апарып, әкелуге көмек берген аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Елешова Ақбөбекке және де осындай мүмкіндік туғызып отырған Махамбет аудандық білім бөліміне ата-аналар да бүлдіршіндерінің жазғы демалыстары қызықты да қауіпсіз, қолжетімді жерде өтіп жатқанына дән риза алғыстары шексіз. Алдағы уақытта да осы игі бастама жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді.
Жумашева Шынар,
«Арай» жазғы лагерінің тәрбиешісі