Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі білім беру жүйесін шетелден серіктестер тарта отырып жаңарту қажет екенін айтты.
Алдағы үш жыл ішінде елімізде 180 колледж бен 20 жоғары оқу орны ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Шетел инвесторлары кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
- Таяу үш жылда 180 колледж бен алдыңғы қатарлы 20 жоғары оқу орны құрылады. Біз республикалық бюджеттен бұл мақсатқа тек алғашқы кезеңнің өзінде 58 миллиард теңге бөлеміз. Бұл – шамамен 150 миллион доллар.
Басты мақсат – отандық және шетелдік серіктестерді белсенді тарта отырып, білім беру бағдарламасын айтарлықтай жаңарту және жаңғырту, – деді ҚР Президенті.
Дереккөз: baribar.kz