Махамбет ауданындағы "Нұршуақ" бөбекжайында балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Махамбет ауданының көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылды.
Елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру мақсатында «Туған ел-туған жер» апталығы өткізіліп, мақал-мәтел, көркемсөз сайыстарымен қатар, сурет байқаулары өткізілді.
Ортаңғы «Теремок», ересек «Қарлығаш», «Ягодка» тобының бүлдіршіндері жетекшілері Гүлмира Сарсенбайқызы, Жаңыл Сырымқызы, Гулнара Алтынбековна, Айкөркем Айдынғалиқызы, Мөлдір Бахиқызы, Гүлсім Мырзагерейқызымен бірге мұражайға саяхат жасап, туған жер тарихымен танысты.
Ұлы Отан соғысы қатысушыларының ұмытылмас ерлігін мәңгі есте сақтауға қойылған ескерткішке барып, батыр бабалар рухына тағзым етіп, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны Махамбет Өтемісұлының ескерткішіне барып, өмір жолымен танысты.
Қ.Тайшұнақова,
«Нұршуақ» бөбекжайының тәрбиешісі