Бөбекжайдағы алтын күз

«Шолпан» бөбекжай-бақшасында «Алтын күз» мерекесі өтті.

Тәрбиеші К.Ізмағанбетованың ұйымдастыруымен ерте жас, ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Музыка залындағы мерекеге сай безендірілген қызғылт, сары жапырақтар, әдемі сары шарлар, бау-бақша көріністері, күзгі әуендер балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Балалар жапырақтармен, қолшатырлармен би билеп, ән шырқап, қызықты ойындар барысында жемістер мен көкөністерді себеттерге жинады. «Күз ханшайымы», «Алтын күн», «Көгілдір бұлт» кейіпкерлері келіп, берілген тапсырмалардың орындалуына ризашылығын білдіріп, көңілді әуен ырғағында балалармен дөңгелене биледі.

Алтын күз дәруменге бай себет толы жемістерін балаларға тарту етті.

А.МЫРЗАҒАЛИЕВА,

«Шолпан» бөбекжай-бақшасының әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз