Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады.

Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздегі барлық балаларға жақсы тәрбие мен сапалы білім алуға бірдей жағдай жасалады, толыққанды тұрмыс жағдайы мен әрбір баланың құқығының қорғалуына кепілдік беріледі. 3 – 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылады», - деді А. Мамин.

Оның айтуынша, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады. Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. «2025 жылы ауыл мектептері интернетпен, компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажет тағы да басқа жабдықтарымен қамтамасыз етіледі», - деді Премьер-Министр.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT