Алға орта мектебінің оқушысы университет грантын жеңіп алды

Дарынды балаларды анықтау, қолдау және білім беру мақсатында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша жыл сайын өтетін Президенттік олимпиада  биыл  да  өз  жалғасын  тапты.

Дәстүрлі  білім додасының  іріктеу кезеңінде  5 оқушы бақ сынап, облысқа  Алға орта мектебінің  11-сынып оқушысы Аяулым Орынбасарова жолдама алған болатын.

Химия-биология пәндерінен аудандық, облыстық сайыстардың жүлдегері Аяулым Рамазанқызы - мектептің мақтанышына айналған  дарынды  оқушылардың  бірі. Қараша айының 15-17 күндері Қарағанды қаласында өткен республикалық Президенттік олимпиадада оның асығы алшысынан түсіп,  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің грантын жеңіп алды.

- Білім грантын иеленуім мен үшін күтпеген жағдай болды. Іріктеу және аймақтық кезеңнен сүрінбей өтіп, республикаға жолдама алғаныма қатты қуандым. Көктем айында «ХХІ ғасыр көшбасшысы»  сайысына  шақырту алғаныммен, белгілі себептерге байланысты бару бұйырмаған еді. Қарағандыда өткен олимпиадада математика,  физика, химия, биология пәндері бойынша күрделі тапсырмалар  берілді.  Қатысушылар  үшін  экскурсиялар мен қызықты тренингтер ұйымдастырылды.  Жалпы,  өзім  химия-биология пәндерінен тереңдетіп оқығандықтан аса бір қиындық тудырды деп те айта алмаймын. Бірақ, әр пән бойынша тыңғылықты дайындалдым. Осы тұста, ең алдымен атаанама, пән мұғалімдеріме және мектеп  директорының  ғылыми  жұмыстар жөніндегі орынбасары Мәншүк Ілиясоваға алғысымды білдіргім келеді, - деді Аяулым Рамазанқызы.

Айта кетейік, олимпиадаға Атырау қаласынан қатысқан 11 оқушының ішінен облыстық дарынды балаларға арналған гимназияның – 2, Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған лицейінің – 2, облыстық дарынды балалар  мектеп-интернатының- 1, IT мектеплицейінің -1 оқушыларына және Алға орта мектебінің 11 сынып оқушысы Аяулым Орынбасароваға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің гранты берілді.

Еліміздің әр түкпірінен жиналған талапкерлердің сайысқа дайындалу жолы  мен  білім деңгейлері әртүрлі болғанымен оларға қойылатын талап бір. Сондықтан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атану – әрбір үміткердің бас- ты мұраты. Атаулы дода да топ жарған түлектерді құттықтай отырып, білім бәйгесінде бағындырар шыңдарыңыз көп болғай деп тілейміз.

 

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT