Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының ұстазы облыстық байқауда ІІ орынды иеленді

Облыстық білім беру басқармасының  Әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай тарих пәнінің жас ұстаздарына арналған «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат» атты облыстық байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты - Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуы құрметіне орай, ең алғашқы ұлы даланың ұлы ұстазы атанған ағартушы педагогтің қазіргі ұрпаққа қалдырға еңбектеріндегі құнды ой-пікірлерін ұғынып, терең ойларының тәрбиелік мәнін көрсету, тарих пәнінен сабақ беретін жас мамандарды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу, шығармашылығын дамыту болатын. Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық.

fed1cddd-f517-4c7d-b404-05a31b565102

Жалпы саны 12 мұғалім бәсекеге түскен дода үш бөлімнен тұрды. «Цифрлық дәуірдегі трансформацияланған педагог» атты алғашқы кезеңде сайыскерлер өздерін тақырыпқа сай таныстырып, екінші «менің әдістемелік шеберханам» бөлімінде іс-тәжірибелерін ортаға салды. Ал шешуші кезеңде импровизацияланған креативті тапсырмаларды орындады. Байқауға Махамбет ауданы атынан қатысқан Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Сәттібек Купашев жүлделі 2 орынға ие болды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT