Өзін танымаған бала өмір бойы адасады

Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда.

«Өзін-өзі тану» пәні - жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болса, бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен-жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың орнымыз ерекше. Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. Ата-ананың, мектептің басты міндеті-баланы әдептілікке, мәдениеттілікке,адамгершілікке үйрету. Сондықтан жас ұрпақты биік адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін сабақ барысында оларды ең алдымен өзін және басқа адамдарды қадірлей, сыйлай білуге үйретемін. 2018-2019 оқу жылының басында ата-аналарды бастауыш сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстырдым. Балалардың адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ата-аналардың қатысуымен «Изучаем общечеловеческие ценности» атты сабақ өткізілді. Оқушылардың адамзаттық құндылықтар туралы жауаптары тыңдалып, ата-аналар тарапынан түйінделді. Сонымен қатар мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 3 сынып оқушылары арасында «Доброта спасёт мир» атты тәрбие шарасы жоғары деңгейде өтті. Тәрбие шарасында оқушылар туған еліне, туған жеріне және отбасына деген жақсы тілектерін ашық білдірді.

Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім-тәрбиеден өтеді. Осы орайда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.

Г.СЕЙТҚАЛИЕВА,

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT