«Жол қозғалысының жас инспекторлары – 2019»

18 мамыр күні Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің жас инспекторлары, облыстық «Жол қозғалысының жас инспекторлары-2019» байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Бұл сайысқа Атырау қаласы және Атырау қаласына қарасты 6 аудан, 60-қа жуық оқушылар қатынасқан болатын.

Шараның мақсаты - оқушыларға жолда жүру ережелері туралы түсінік беру, оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамытып ғана қоймай, өмірге деген құштарлықтарын арттыру. Жарыс бірнеше турлар бойынша өтті.

Барлық командалар кезеңдер бойынша марапатталды. Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің «Бағдаршам» тобы саптық дайындық пен командирлер сайысынан – 1 орын, Эрудиттер мен жол қозғалысының ережелерінен – 2 орын, Үгіт бригада бойынша 3 орындарды иеленді. Жалпы команда бойынша ІІ орын алды.

Оқушыларымызға сәттілік тілей отырып, жарайсыңдар дейміз.

Мөлдір САЛАМАТ, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз