Зорлық-зомбылықсыз қоғам – қауіпсіз қоғам

Қазіргі таңда зорлық-зомбылық мәселесі адамзатқа ортақ үлкен проблемаға айналды. Күш көрсету арқылы біреуді қорқыту немесе билік жүргізу ешқашан әділдікке әкелмейді. Керісінше, ол адамдар арасындағы сенім мен сыйластықты жояды.

Зорлық-зомбылық тек денеге емес, адамның жан дүниесіне де ауыр жара салады. Үнемі қысым көрген адам тұйықталып, өз ойын ашық айтуға қорқады. Мұндай жағдай отбасында да, мектепте де, қоғамда да кездеседі. Зорлық-зомбылықтың басты себептері – ашуды бақыламау, тәрбиенің жеткіліксіздігі және бір-бірін тыңдай алмау. Күшке сүйенген әрекет уақытша үстемдік бергенімен, оның салдары ұзаққа созылатын қайғы мен өкінішке алып келеді.

Сондықтан зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін әр адам өзінен бастауы керек. Сабыр сақтау, өзгеге құрметпен қарау және мәселені бейбіт жолмен шешу – өркениетті қоғамның басты белгісі. Зорлық-зомбылықсыз орта ғана қауіпсіз әрі әділ болашаққа жол ашады.

 

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT